• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 08:08:43
Алматы
+35°

Мемлекеттік сыртқы қарызды игермегені үшін жауапкершілік мемлекеттік органның бірінші басшысына жүктелуге тиіс. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Бүгін жалпы отырыста депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін жауапкершілік "бұлыңғыр болмауға" тиіс. Ол нақты жазылуы керек. Егер құжаттың үкіметтің нұсқасын қабылдайтын болсақ, онда іс жүзінде жауапкершілік ұйымның бірінші басшысын жауапкершіліктен алып тастап, орынбасарға жүктелетіні түсінікті. Бұл барлық жерде болады. Сондықтан да, мұндай сәйкессіздіктерге жол беруге болмайды.

Нұрлан Нығматулин сыртқы қарыздың игерілмеуі бюджеттен қосымша шығындарға алып келуі мүмкін екенін атап өтіп, тиісті норманы заңнамалық деңгейде бекіту арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, мәжіліс төрағасының пікірінше, жергілікті бюджетті болжау кезінде аймақтардың ерекшелігі ескерілуге тиіс.

Сондықтан депутаттар жергілікті бюджетке түсімдерді болжау тәртібін жергілікті уәкілетті органдарға беруді ұсынады.

Осыған сәйкес, палата спикері заң жобасындағы аталған нормаларды екінші оқылымға дейін пысықтау қажеттілігін айтты.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір